Ұлтаралық келісімді нығайтатын челлендж

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы арнайы челлендж бастады. Мұндағы басты мақсат – мәдени мұраны насихаттап, ұлтаралық келісімді нығайту.
Челенджге орыс, украин, белорус, неміс этномәдени бірлестіктері және «Ақниет» вокалдық ансамблі, Аналар кеңесі, Бесқарағай аудандық достық үйінің «ДосStar» жастар клубы қатысты. «Менің Отаным – Қазақстан! Біз біргеміз!» – деп ұрандаған қатысушылар эстафетаны бір-біріне жолдады.
Челленджді Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының инстаграм парақшасынан тамашалауға болады.
Алдағы уақытта бұл челледжді павлодарлықтар жалғастырады.

no images were found

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *