Ұлттық құндылықтарды ұлықтады

no images were found

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктері ұлттық құндылықтарды онлайн режимде насихаттап, өскелең ұрпаққа салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін үйретті.
Онлайн шараға қатысушылар ұлттық тағамдардың жасалу жолымен, сондай-ақ ұлттық құндылықтарының шығу тарихымен танысты. Әсіресе, оларға ұлттық тағамдарды дайындайтын бейнероликтер ерекше ұнады. Енді онлайн режим барысында жаңа ас мәзірін үйренген қатысушылар отбасы мүшелерін дәмді тағамдармен қуантпақ.
Сонымен қатар ұлттық киімдерді тігуге арналған шеберлік сағаттары, оюлардың ерекшеліктері мен ұлттық киімнің тарихын баяндайтын бейнероликтер де оқырман көңілінен шықты. Тіпті, онлайн режимде өткен шараға қатысушылар қазақтың ұлттық бас киімі – «Бөрікті» тігіп үйренді.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойын ұмыт қалдырмаған этномәдени бірлестіктердің белсенділері ақынның шығармашылығынан үзінділер оқыды. Сол арқылы республика көлеміндегі #Abai175 челенджін қолдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *