Семейде қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Семейде қаланы абаттандыру жұмыстары басталды. Гүлзарлар мен көгалдарды отырғызу жұмыстары басталады. Көгалдар мен тірі қоршауларды қию бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы брифингте қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев мәлім етті.

Орталық саябақты қайта құру жұмыстары да жалғасуда. Енгізілген карантиндік шараларға байланысты нысандағы жұмыс біраз уақытқа тоқтатылды. Алайда, қазір жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоба бойынша қарастырылған композициялар монтаждалып, брусчатка төселіп, саябақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жеңіс саябағында да қайта жаңарту аяқталды, 9 мамырға қарай онда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Саябақтағы монументтің негізі гранит таспен төселді. Қауіпсіздік мақсатында баспалдақтың негізі де гранит плиткасына ауыстырылды. Жоспар бойынша саябақта енді гүлдер отырғызылатын болады.

Осы жылы Абай мен Мұхтар Әуезовтың атындағы алаңдары да қайта жаңғыртуға жатады. Ерьіс жағалаундағы орналасқан каскадты субұрқақ бойынша кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. ТКШ бөлімі басшысының ақпараты бойынша, “ЖАСА “әлеуметтік-өндірістік кәсіпорны” ЖШС мердігерлік ұйымы өз уақытында субұрқаққа сапасыз жөндеу жүргізген, сондықтан оны жөндеу жыл сайын жүргізіліп келеді деп айтуға да болады. Бірақ субұрқақты жөндеу жұмыстарына бюджеттен ақша бөлінбейді, өйткені келісім-шарттық міндеттемелеріне сәйкес, мердігерлер оны өз қаржыларына жөндейді. Қазіргі уақытта мердігермен сот жұмыстары жүргізілуде. Субұрқақты маусым айында іске қосу жоспарлануда.

Сонымен бірге, соңғы кездері көптеген қала тұрғындары ағаш кесуге алаңдаушылық білдіруде, бірақ ТКШ басшысы тек ғана «өліп жатқан» ағаштар кесіліп жатыр деп сендірді.

-Кесуді талап ететін ағаштарды біз кесіп, санитарлық өңдеуден өткіземіз. Сондай-ақ, бізге ғимараттар алдында ағашты кесу туралы өтініш білдірген адамдар да бар. Бұл ағаш «өліп жатқан» жағдайда ғана жасалады. Сонымен онымен рге, бұл жағдайда бір ағаштың орнына, адам бес ағаш отырғызуы керек. Бұл бағытта күрес жүргізіп отырмыз, кез келген ағашты сақтап қалғымыз келеді, – деді Амантай Өтелбаев.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *