ШҚО-дағы үш ауданда карантиндік шаралар күшейтілді

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей эфир барысында облыстағы өзге аудандарда вируспен ауырған тұрғындар саны көбейсе, карантиндік шаралар күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді.

Аймақ басшысы Аягөз, Жарма, Бесқарағай аудандарында карантин күшейтілгенін атап өтті. Оған COVID-19 шалдыққан науқас санының артуы себеп болып отыр.

Қазіргі уақытта Аягөз ауданында 179 жағдай тіркелді. Оның ішінде 120-ы Аягөзде орын алды. Аталмыш ауданда бір тәулікте, 3 шілде күні 24 жағдай тіркелді. Жарма ауданында 123 науқас (68-і Қалбатауда) бар. 4 шілде күні вирус жұқтырғандар саны 52 адамды құрайды.

Аудан орталықтарындағы кафе, мейрамхана, жазғы алаңдар, асханалар, сауда үйлері мен азық-түлік сатпайтын базарлар, қоғамдық моншалар, сұлулық салондары уақытша жұмысын тоқтатты.

– Аудан орталықтары эпидемия ошақтарына айналып жатқанына қарап, қол қусырып отыра алмаймыз. Алдағы уақыттағы эпидемиологиялық жағдайға қарай шаралар қабылданады. Аудандардағы санитарлық дәрігерлер жағдайға қарап, шектеу шараларын күшейтуді немесе алуды қарастыратын болады.

Республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері осындай шешімді қабылдап отыр, – деді Даниал Ахметов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *