ШҚО тұрғыны өңірдегі ауруханаларға КВИ-ді емдеуге арналған дәрі-дәрмекті жіберді

Болып жатқан жағдайға бейжай қарамайтын кәсіпкер Өскемендегі бір ауруханаға 45 антибиотик инъекциясы мен 300 құты дексаметазон және 2 мың медициналық маска жіберді.

“ОптоМед” фармацевтикалық желісінің басшысы Оксана Яблокованың айтуынша, өткен аптада компания тапшы медикаменттерді алған.

– Біз қабынуға қарсы антибиотиктер, левофлоксацин, азитромицин, дексаметазон, парацетамол, аспирин мен медициналық маскаларды алдық. Мұның бәрі коронавирусты емдеуге көмектеседі. Біздің басшылық ауруханаларға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Филиалдарымызда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, – деді Оксана Яблокова.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері емдеу мекемелеріне барлық көмекті көрсетуде.

– Қазіргі уақытта барлық ауруханалар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Соған қарамастан, біздің азаматтар көмек беріп, дәрігерлерге қолдау көрсетуде. Бұл қуантарлық жағдай. Демек, шығысқазақстандық нарықта дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Біз елімізде болып жатқан жағдайдан абыроймен шығатынымызға сенемін, – деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің фармацевтикалық бөлімі басшысының орынбасары Нұргүл Құнапиянова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *