ШҚО-дағы балабақшаларда кезекші топтарды ашу жоспарланып отыр

Аймақ басшысы Даниал Ахметов тікелей эфир барысында 2020-2021 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру туралы айтып берді.
Ағымдағы жыл басынан бері кезекші топтардың жұмысын жандандыру жоспарлануда. Бұл ата-аналардың өтініштері мен балабақшалардағы заңды өкілдердің келісіміне байланысты жүзеге асырылады.
Алайда эпидемиологиялық жағдай жақсарса, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, бүкіл топ жұмысын бастайды.
Айта кетейік, бүгінгі күні Шығыс Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдардың 345-і балабақша болса, 446-ы шағын орталықтар. Онда 57 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *