ШҚО оқушылары қашықтықтан оқытуға қарамастан оқулықтармен қамтамасыз етіледі

2020-2021 оқу жылында облыстағы мектептерге бір жарым миллион жаңа оқулық сатып алынды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тікелей эфир барысында 2020-2021 оқу жылында балаларды оқулықтармен қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Аймақ басшысының айтуынша, оқушылар қашықтықтан оқытуға қарамастан тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы оқу материалдарын алу,а 1,5 миллион теңге бөлінген.

Кітаптар Шығыс Қазақстанға 25 тамызға дейін жеткізіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *