ҚР Премьер министрі Шығыс Қазақстандағы сүт өңдейтін ірі кәсіпорынға барды

20 жылдан астам уақыт бойы аталмыш компания сүт және сүт өнімдерін өндірумен айналысады. 80 түрлі тауар өндіреді.

Іс сапар барысында Асқар Мамин ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен бірге «Восток-Молоко» кәсіпорнына барып қайтты.

Қазақстандағы сүт өндіру саласының жоғары потенциалын ескерген аймақ басшысы осыдан бірнеше жыл бұрын осы кәсіпті дамыту туралы ұсыныс білдірген болатын.

«Восток-Молоко» ЖШС-ның бас директоры Сейлжан Сайлаубаевтың мәліметінше, еліміздегі сүт жетіспеушілігі миллион тоннаны құрайды. Ал мұның алдын алу үшін кем дегенде 500-600 ферма ашу керек. Қуаныштысы сол, бүгінде іске қосылған фермалардың шаруасы оңға басуда. Шаруалар кооперативтер құрып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды тиімді пайдаланып, мал басын көбейтуде. Сүт өңдеу зауыты басшысының айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканы ілгерілетіп, өнімдерді экспортқа шығару жағын да қарастыру керек.

Бүгінгі күні зауыт жылына 100 тонна сүт өңдейді. Алайда кәсіпорынның қуаттылығы екі есе көлемдегі сүт өңдеуге жетеді. Сүт қабылдау пункттерінің жұмысы жемісін беруде. Қазіргі күні ауыл тұрғындары ірі қара мал өсіруге көңіл бөлуде.

Айта кетейік, «Восток-Молоко» ЖШС өндірістік процесстерді модернизациялауға ауқымды қаржылық инвестиция құяды. Басты мақсат – жаңа технологияларды енгізу. Кәсіпорын жыл сайын сапалы өнім өндіру байқауларына қатысып, «Ірімшіктің сапалы түрлері – 2014ж» бас жүлдесін, «Майдың сапалы түрлері» күміс медалін, «Парыз 2008» иеленді. Сонымен қатар 10 жыл бойы Ресейде ұйымдастырылып келе жатқан байқаудың бас жүлдесін қолдан берген емес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *