Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Асқар Мамин «КЭМОНТ» АҚ компаниясына барып қайтты

Кәсіпорын Қазақстандағы ғана емес, таяу және алыс шетелдердегі бәсекеге қабілетті электротехникалық жабдық өндіретін жетекші компаниялардың бірі. Бүгінгі күні компания заманауи талапқа сәйкес келетін цифрлық қосалқы станса мен басқа да көптеген құралдарды шығарады.

«КЭМОНТ» АҚ-да дайындалатын электротехникалық құралдар металлургия, атом, химия, тау-кен, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысында, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандарда қолданылады.

Компания Schneider Electric, Siemens, ABB сынды басқа да ірі серіктестіктермен жұмыс істейді. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен отандық өнім шығаратын кәсіпорын ірі инвестициялық жобалармен айналысып, импорттық құралдардың орнын алмастыруда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *