Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекция ошағынан оқшаулау орталығы ашылады

Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекциямен күресудің жаңа бағдарламасы әзірленді. Өткендегі тәжірибеге сүйеніп, Мемлекет басшысының ескертуін ескере отырып, өңірде коронавирустық инфекция ошағынан оқшаулау орталығы ашылады. Орталықты облыс әкімі Даниал Ахметов басқарады.

Орталықта коронавирус инфекциясымен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық тексеруден өтеді. Бұдан соң дәрігерлер мен полиция қызметкерлері бірлесе отырып, тиісті шараларды қабылдайды. Аталмыш сала мамандары үй жағдайындағы карантиннің сақталуы мен науқастың толық режимде ем қабылдауын бақылауда ұстайтын болады.

Енді пневмониямен ауырған науқастар ең алдымен, компьютерлік томографиядан өтеді. Бұдан соң ғана олар инфекциялық стационарларға жатып, ем қабылдайды.

Айта кетейік, провизорлық төсектерден бас тарту туралы шешім қабылданды. Оның орнына ірі медициналық мекемелердің базасында инфекциялық бөлімшелер ашылады.

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында өңіріміз вирустың екінші толқынын күтпей-ақ, оның алдын алу үшін тынбай еңбек етуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *