Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары жалғасын табуда

Әрбір мемлекет агроөнеркәсіп кешенін дамытуға баса назар аударады.

Шығыс Қазақстанда кооперавтив құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Басты мақсат – жекеленген ауыл шаруашылықтарының басын қосып, бәсекеге қабілетті өнім шығару.

Ірі агроқұрылымдарға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетіледі.

Бүгінде өңірде өсімдік шаруашылығын дамытуға ерекше ден қойылып отыр. Әсіресе, күнбағыс өңдеу мен майлы дәнді-дақылдардың түр-түрін арттыруға баса назар аударылуда. Соған орай, ірі өңдеу кәсіпорындары салынып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру үшін қытайлық серіктестермен белсенді жұмыс жүргізіліп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *