«Birgemiz» қорынан 6852 шығысқазақстандық көмек алуда

«Birgemiz» қорынан Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен және Семей қаласының белгілі санаттарда көрсетілген тұрғындары біржолғы материалдық көмекпен (50 000 тг) қамтылатын болады.

«Birgemiz» қорының бесінші толқынында Өскемен қаласынан 4876, Семей қаласынан 1976 отбасы материалдық көмекпен қамтамасыз етілді.

Көмек алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар) бар.

«Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам отбасына біржолғы материалдық көмек беріледі. Осы мақсатқа қордан 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *