Семейде жылыту маусымы жайлы жүргізілуде.

Биылғы жылы, ауаның сыртқы температураның төмендеуіне және ЖРВИ өршуінің алдын алуға байланысты Семейде жылыту маусымы уақытынан бұрын 25 қыркүйекте басталды. Жылу әлеуметтік нысандарға және тұрғын үйлерге бірдей берілетіні хабарланған. Алайда, алғашқы уақытта бірқатар аудан тұрғындары жылу берілмегеніне шағымданды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде жылу беруде проблемалар жоқ екені атап өтілді. – Жылу бәріне берілді, бірақ бұл бір күндік жұмыс емес, бұның бәрі кезеңмен өтті. Бұның бәрі штаттық режімдегі жұмыс, жылуды қосуда ешқандай проблемалар болған жоқ. Бірнеше күннің ішінде жылумен барлық нысандар қамтамасыз етілді – дейді тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Елена Проскурякова. Өткен жылдарда да қаламызды жылу жүйесіне қосу кезеңмен жүргізілгенін атап өту керек: бастапқыда жылуға әлеуметтік және денсаулық сақтау нысандары, кейінірек тұрғын үйлер қосылды. Биылғы жылы жылуды бәріне бір мерзімде берді, аралары тек бірнеше күнді құрады. Бүгінгі таңда жылу беру жұмыс тәртібінде жүргізілуде, жұмыс жақсы жүріп жатыр. Қалада 18 қазандық және ЖЭО жұмыс жасауда. Биылғы жылы ЖЭО-1, РК-1, 103 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін назарға саламыз. Сонымен қатар биылғы жылы қосымша Силикатный кентін қосу жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 127 млн. теңге бөлінді.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *