Семейде азық-түлік өнімдері бағасының өсуін түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысы статистика департаментінің апталық мониторингіне сәйкес, 13 – 20 қазан аралығында қалада қарақұмық жармасы, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасы бағаларының өсуі белгіленді. Қалған әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағалары тұрақты. Пресс-конференцияда кәсіпкерлік бөлімі өкілдерінің айтуынша, бағаның көтерілуінің басты себебі – карантиндік шараларға байланысты, логистиканың және тауарларды тасымалдаудың өзгеруіне байланысты азық-түлік өнімдеріне деген сұраныстың көбеюі.

– Күнбағыс майы бағасының өсуі, өндірушілерде былтырғы жылғы өнім запасы азайып шикізатты сатып алу бағасының өсуіне, шығын материалдары, реагенттерді және орау ыдыстарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алуларына байланысты. Күнбағыс дәндерін жинау басталып, биылғы жылғы өнім шикізаты түскенде баға төмендейді. Сонымен қатар, қарақұмық жармасы бағасының өсуі де маусымдық, былтырғы жылғы егін запасының азаюына байланысты. Қарақұмық тұқымын жинау аяқталғанда баға тұрақтанады. Жұмыртқа бағасының өсуі де маусымдық, құстарға арналған жем бағасының өсуіне және тауықтардың жұмыртқалау факторының маусымдық төмендеуіне, сондай-ақ құс тымауы жағдайына байланысты құс фермаларындағы жіберу бағасының өсуіне сәйкес. Қант бағасының өсуі – карантин мерзіміндегі шектеу шараларына байланысты шетелдерден жеткізілімнің қысқартылуына байланысты – дейді қалалық кәсіпкерлер бөлімі жетекшісінің орынбасары Анжела Маслова.

Конференцияда атап өткендей, инфляциялық процессті ұстап тұру мақсатында, әмбебап сауда базарларын және барлық қала аудандарындағы сауда кәсіпорындарын қамтып әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бөлшектік бағаларына апталық мониторинг жүргізілуде. Негізсіз бағаны өсіру орын алған жағдайда өсірудің негізін анықтайтын және оны төмендету жөнінде ұсыныс жұмыстар жүргізетін жедел шаралар қолданылады. Бөлшектік сауда кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына 10% аспайтын сауда жәрдемақысын қолдану туралы мерзімсіз меморандумдар жасалады. Биылғы жылы көтерме кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша, сонымен қатар, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша көтерме сатушылармен өзара ынтымақтастық туралы екі меморандумы жасалды. Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарының жетекшілерімен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына негізсіз бағаны өсіруді болдырмау, жалға берілетін сауда алаңдарының және де басқа ақылы қызмет көрсету бағаларының негізсіз өсіру сұрақтары бойынша мерзімді жиналыстар өткізілуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *