Семейде тұрақтандыру қоры өнімдерін сату жөніндегі меморандум жасалды

Семейде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Санымен, аймақтық тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі Комиссияның шешімін орындау мақсатында “Ертіс Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ қала үшін 3000 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, оның ішінде: 1000 тонна картоп, 850 тонна капуста, 400 тонна сәбіз, 750 тонна пияз сатып алды. Өнімдер “Приречное” Агрофирмасы” ЖШС сатып алынды. Бұл туралы онлайн пресс-конференцияда қалалық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімідерінің өкілдері айтып өтті.

31 қазанда тұрақтандыру қорының өнімдері толық көлемде жеміс сақтау қоймасына беріледі. Сату қараша мамыр айлары аралығында аймақтық тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі Комиссияның ұсынысымен және ШҚО әкімшілігінің жарлығына сәйкес келісілген кестеге және көлемге сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, конференцияда тұрақтандыру қоры өнімдерін сату жөніндегі меморандум талаптарын сақтауға бақылау тұрақты түрде жүргізілетінін және де апта сайын бөлшек сауда кәсіпорындарындағы бағаларға мониторинг жүргізілетінін айтылды.

Қазіргі уақытта сауда кәсіпорындарымен тұрақтандыру қорындағы жеміс-көкөніс өнімдерін сату жөнінде меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Өнімдерді сату орны кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бүгінгі күні бөлшек сауда кәсіпорындарымен “Ертіс” ӘКК” АҚ аймақтық тұрақтандыру қорындағы макарон өнімдерін (рожки) – 194 теңгеден, күріш – 281 теңгеден сату жөнінде меморандум жасалды.

Кәсіпкерлер бөлімімен сауда кәсіпорындары және тұрақтандыру қоры өнімдерімен жабдықтауды ұйымдастыру жөніндегі бағдарлама операторы араларында үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *