Семейде жылу маусымы жүруде

Биылғы жылы Семейде жылу жүйесі мерзімінен бұрын – 25 қыркүйекте басталды. Маусым басталғанға дейін “Теплокоммунэнерго” МҚК нысандарында жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген уақытта аяқталды. Осы туралы пресс-конференцияда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Амантай Өтелбаев хабарлады. Бүгінгі күні барлық нысандар жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған, жылу көздері температура кестесіне сәйкес жұмыс істеуде. Алдағы жылу маусымында отынды тұтыну – 451 000 тоннаны құрайды. Көмірмен жабдықтау 24 шілдеден бастап жүзеге асырылуда. 71 139 тонна көмір жеткізілді. Қала әкімі, “Теплокоммунэнерго” МҚК және “Қаражыра” АҚ араларында 105 000 тонна көмірді жауапкершілікпен сақтау туралы меморандум жасалды. – Апта сайын жылу көздерінің жұмысына мониторинг жүргізілуде. Тұрғындардың қажеттіліктері үшін 260 мың тонна көмір жеткізілді. Көмірді келесі тұйықтарға жеткізуді “Жігер” ЖШС жүзеге асырады: Знаменск тас жолында (1 шақырым) көмір құны – 8000 теңге, “72 квартал” тұйығында және Шығыс кентінде, 6 саяжайда халыққа көмірді сату бағасы, тасымалдау қызметін қоса есептегенде тоннасы – 9500 теңге – дейді Амантай Өтелбаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *