Семейде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі ағаштарды кесуге түсініктеме берді

Соңғы бірнеше айларда ағаштарды кесу семейліктер үшін шынымен ауыр тақырып болды. Әлеуметтік желілерде қалалықтар шағымдануда, олардың айтуынша қала орталығында да , сондай-ақ қаланың шет аймақтарында ағаштар бақылаусыз кесілуде. Сонымен, ағаштар облыстық аурухана ауданында, 343 кварталда және басқа да аудандарда, аулаларда кесілді. Пресс-конференцияда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Амантай Өтелбаев ағаштарды кесуге түсініктеме берді. Оның айтуынша, кесуге тұрғындардың тіршілігіне ерекше бөгет болатын және семейліктерге қауіп төндіретін ағаштар жатады. – Күз-көктем мерзімінде ағаштарды кесу бойынша жоспарлы іс-шаралар бар. Кесуге, қалалықтарға қауіп төндіретін, жекелей алғанда элктр қуатын беру желілеріне немесе жол белгілерінің көрінуіне кедергі келтіретін, жақын ғимараттардың құрылысына қауіп төндіретін ағаштар жатады. Осыған байланысты, талаптарға сәйкес ағаштарды кесу жүргізіледі – деп түсіндірді Амантай Өтелбаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *