Семейде қала шетіндегі мекендерге сумен жарық берілді

Ұшақтар және Комсомол кенттерінде тұрғындарды электрмен және сумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру аяқталды. Электр желілері тұрғын үйлерге қосылды. Барлық жер учаскелеріне су құбыры тартылды. Жоба екі жыл шамасында іске асырылды. Аталған мекендерді электрмен жабдықтау жұмыстарын өткен жылы аяқтау жоспарланған, алайда жобаға электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін жүктеу бойынша бірқатар өзгерістер енгізілді. Бүгінгі күні нысандар пайдаланылуда. Желілер тартылды, тұрғындарға тек ШҚ АЭС техникалық шарттарды алу, содан кейін жүйеге қосылу және “Шығысэнерготрейд” ЖШС дербес шот ашу үшін сұраным берулері қажет. – Тұрғындардан ШҚ АЭС техникалық шарттар үшін хабарласып, қосылуға сұранымдар беріп және дербес шоттар ашуда белсенділік танытуды сұрағым келеді. Сумен жабдықтауда осы жүйе бойынша, тұрғындарға “Водоканал” МҚК техникалық шарттар бойынша хабарласып суды қосулары қажет. Бүгінде бұл маңызды міндеттердің бірі, өйткені кабельдік өнімдер учаскелер жанында ашық тұр, бұл өз кезегінде аудан тұрғындарының өмірлеріне қауіп төндіруде – дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков. Сонымен қатар, осы ықшам аудандарда жол төселіп, көше жарықтарын орнатуға уәде берілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жоба жұмысын алдағы жылы бастау жоспарлануда.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *