Облыс басшысы Даниял Ахметов Өскемен қаласына шығарылған жаңа автобустарды шығарған «СемАЗ» зауытында болды

Облыс әкімі жақын уақытта облыс орталығы жолдарында жүретін жаңа автобустарды жеке өзі қарады.

– Автобустар, жарым-жан адамдардың қалауларын ескеріп жасалған. Жуаық арада біз Қазақстан даму банкімен жұмысты аяқтаймыз және 3,5 млрд. теңгенің автобустары Өскемен қаласына беріледі – деп хабарлады ШҚО әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысының ақпараты бойынша жақын уақытта облысымызда қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін екі зауыт ашылады, ондағы арнайы техникалары дәл осылай жергілікті өндірушілермен жасалады.

– Біз Еуропа жаңғыру және даму банкімен Өскемен және Семей қалаларында қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін зауыттар ашу туралы жұмыстар жүргізудеміз. Бұл үшін арнайы техникалар қажет. Біз «СемАЗ» зауытының басшылығын арнайы техникалар дайындауды және қытайлық серіктестерімен жұмыс жасауды сұрадық. Техникалар жақын арада дайын болады. Отандық техникалар шетелдік техникалардан кем болмайтынына сенемін. Ең бастысы бұл Қазақстанда орналасқан. Бұл біздің облысымыздың өндірісі және бағдарламаға сәйкес біз қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін зауытты техникамен қамтамасыз ете аламыз – деп хабарлады Даниял Ахметов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *