Семейліктердің 95% маскалық режимді сақтауда

Эпиднормаларға және ШҚО мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалалықтар, инфекция таралуының алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда маска тағулары керек. Қалада маскалық режимнің сақтауына бақылау жүргізу мақсатында арнайы мониторингтік топ жұмыс жасауда. Олар маскалық режимді бұзушыларды анықтап түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, жүргізілген рейдтерге сәйкес қалалықтардың 90 – 95 % маскалық режимді сақтауда.

– Бүгінде қала бойынша мониторингтік топ жұмыс жүргізуде және азаматтарға масканы тағып жүру қажеттігі туралы ақпараттар беруде. Мониторинг азаматтардың өздерінің өмір қауіпсіздіктерін сақтау және вирустың таралмауын алдын алу мақсатында жүргізілуде. Егер, азаматтар тарапынан санитарлық режим ережелері сақталмаған жағдайда оларға айыппұл салынады – дейді ТКҚСҚБ бас маманы Айшуақ Мағжанұлы.

Маскалық режимді бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалады. Айыппұл көлемі 30 АЕК немесе 83 340 теңгені құрайды. Мониторинг тобының мүшелері маскалық режимді бұзбауға шақырады.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *