Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі: Семейде автобустар желіде сағат 21:30-ға дейін жұмыс істейді

Қазіргі уақытта қалалық қоғамдық автокөліктер сағат 21:30-ға дейін жұмыс істейді. Ол туралы пресс-конференцияда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Нұрлан Серғазинов айтып өтті.

Міне, бір жылдан артық Семейде жаңа маршруттық жүйе енгізілді, аталған жүйе бойынша 42 маршрутта 355 техника қызмет көрсетуде. Қала бойынша үлкен, орта және кіші сыныптағы автобустар қызмет көрсетуде. Тек, № 54 маршрут қана ерекше болып табылады. Үш тасымалдаушы қызмет көрсетуде: «Таксомоторный парк» ЖШС, «Семей» автобус паркі» ЖШС және «Semey Bus» ЖШС. Карантиндік шараларға байланысты маршруттағы автобустардың қозғалыстары өзгерді. Тұрғындар әлі күнге дейін қоғамдық көліктер толықтай тоқтап, тек кезекші автобустар жұмыс істеген уақытты енстеріне алады. Бүгінгі күні автобустардың кешкілік және түнгі уақыттағы маршруттық қозағылыстары қалпына келтірілді, автобустар желіде сағат 21:30-ға дейін жұмыс істейді. Түнгі уақытта жолаушыларды тасымалдау өте төмен, сағат 20:00-ден кейін, сағат 19:00-мен салыстырғанда жолаушыларды тасымалдау 88,5% құлайды – дейді Нұрлан Серғазинов. Бүгінгі күні қалада 35 автобустық маршрут қозғалысын жүзеге асыруда, күнделікті желіде 212 бірліктегі көліктер жұмыс істеуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *