Семейде жол жөндеуге 13 млрд теңге бөлінді

Биылғы жылы қалалық бюджеттен 13 млрд теңге бөлінді. Ол туралы пресс-конференцияда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Нұрлан Серғазинов хабарлады.

– Ағымды жөндеу жұмыстарына 157,5 млн теңге жұмсалды, жергілікті маңыздағы жолдардың ағымды жөндеуіне 87,5 млн теңге, қала көшелеріне орташа жөндеу жүргізуге 1,2 млрд теңге бөлінді. 3 көшеге жөндеу жүргізілді, бұл шамамен 15 мың км. жол. Қаланың 16 көшесіне орташа жөндеу жүргізілді. Абайдың 175-жылдығына дайындалу шеңберінде әуежай бағытындағы жолға, Семей-Қарауыл тас жолында, сонымен қатар әуежайға жанасатын жолдарда жұмыстар іске асырылды. Бозтаев, Глинки, Қаржаубайұлы, Селевин және тағы да басқа көшелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары, жекелей алғанда Селевин және Глинки көшелерінде жүргізілуде. Семей-Қарауыл тас жолында, сонымен қатар әуежайға баратын жолда жарық орнатылды. Қазіргі уақытта электрге қосуға дайындық жұмыстары атқарылуда – дейді Нұрлан Серғазинов.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Би Боранбай, Құрылысшылар, Кәрменов, Глинки, Цементшілер, Рысқұлов, Тұқай, Абай, Дулатов және басқа да асфальт салынбаған көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Жақын уақытта қалалық бюджет құрастырылады. Конференцияда айтып өткендей алдағы жылға есептер дайын. Кішігірім жолдарды жөндеумен қамту жоспарлануда. Жолдарды жөндегеннен кейін жаңа маршрут шығару сұрағы қарастырылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *