Биылғы жылы 12 аялдаманы жөндеуге 30 млн теңге бөлінді

Биылғы жылы 12 аялдама павильондарын дайындауға және құруға бюджеттен 30 335 000 теңге бөлінді. Ол туралы пресс-конференцияда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндеттерін уақытша атқарушы Нұрлан Серғазинов хабарлады. Қазіргі уақытта қалада 505 аялдама бар, олардың 307-і әртүрлі аялдама павилиондарымен жабдықталған. 45 аялдамада сауда павильоны орналасқан, павилион иелерімен аялдамаларға қызмет көрсету туралы келісім жасалған.

– Былтырғы жылы қалалық бюджеттен аялдама павилиондарын жөндеуге 7 000 000 теңге бөлінген. Биылғы жылы 12 аялдама павилиондарын дайындауға 30 335 000 теңге бөлінді. Жұмысты жергілікті мердігер ұйым «КАZТЕХЦЕНТР» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі күні 7 аялдама павилионы құрылды: Абай алаңы, Көпір, Протез зауыты, Волгоградская және Өрлеу көшелері бойынша Мешіт аялдамасында 2, Волгоградская көшесі бойындағы жаңа павилион. Қалған 5 павильон 2020 жылғы 1 шілдеде құрылған – дейді Нұрлан Серғазинов.

Аялдама пунктеріне жанасқан территорияны тазалаумен тұрақты негізде мердігер ұйым, «Семей» көгалдандыру және көркейту жөніндегі МҚК айналысады. Сонымен қатар, аялдама пунктеріндегі автобустардың қозғалыстары туралы тақтайшалар әзірлеу жұмысы жүргізілді. Жалпы бұл мақсатқа 10 288 000 теңге бөлінді.

Дегенмен, конференцияда атап өткендей, тіпті жаңа аялдамаларда вандализмге ұшырайды.

– Аялдама павилиондарының артқы қабырғаларын бұзу фактілері орын алды. Орындық ағаштарын бұрап алады, сындырады. Артқы қабырғасындағы мырышталған қаңылтырларды шешеді. Аталған фактілер бойынша тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатында қалалық полиция басқармасына хаттар жолдануда – дейді Нұрлан Серғазинов.

Жалпы, аялдама павилондарына қызмет көрсетуді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрақты бақылауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *