ШҚО-да медициналық импланттар өндірісі бойынша еліміздегі алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске құрылды

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде іске асырылып жатқан инновациялық жобалар туралы мәлім етті.

Осындай жобалардың бірі – травматология мен ортопедияға арналған медициналық импланттар өндіру. ШҚО әкімі атап өткендей, облыста елімізде баламасы жоқ медициналық импланттар шығаратын алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске құрылды.

– Үлгілердің адам ағзасының тіндерімен үйлесімділігі сыналды. Қазақстандық импланттардың сапасы ғана емес, сонымен қатар бағасы да тиімді. Ортопедиялық протездер шикізаттың өзіндік құнының төмендігіне байланысты шетелдік аналогтардан 70% арзан. Өнімнің 65%-ы облыс кәсіпорындарында өндірілетін болады, – деді Даниал Ахметов.

Бұдан басқа, медициналық томографтарда қолданылатын жоғары өткізгіш сымдарды дайындауға арналған технологиялар әзірленді. Жапондық компанияның сертификатталған зертханасында жүргізілген сынақтардың нәтижелері бойынша өнімдерді магниттік-резонанстық томографтарды өндіру кезінде қолдануға болатындығы анықталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *