Өткен демалыс күндері мониторингтік топ мүшелері кезекті рет облыс орталығында карантиндік шектеулерді бұзған мекемені анықтады

Облыс тұрғындары мониторингтік топтардың жұмысына жиі шағымданады және талап қояды. Алайда, кәсіпкерлердің өздері санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігіне жауапсыз қарайтыны айқын. Дәл осындай, кемшіліктер «Шығыс–адалдық алаңы» ұйымдастырған рейд барысында «Red bulls» ойын-сауық мекемесінде анықталды. Мекеме іші келушілерге лық толы болғандықтан, тіпті қашықтық туралы сөз айтудың өзі қисынсыз.

Кештің көңілді болғанын, ондағы шудың дауысынан аңғаруға болады. Мұнда демалыс күндері және 22.00-ден кейін жұмысқа тыйым салу туралы бас санитариялық дәрігердің қаулысының екі бірдей тармағы бірден бұзылған. Қонақтар болса, түк білмейтіндей сыңай танытып, аң таң болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *