ШҚО Глубокое ауданында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Ауданда “Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі” бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы бойынша жобалар аяқталуда. Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова баспасөз-конференциясы барысында мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, қазір “Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту” бағдарламасы аясында Уваров ауылында шамамен 1,5 мың адамды таза сумен қамтамасыз ететін ұзындығы 30 шақырым сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталуда. Осыған ұқсас жұмыстар Тарханка ауылында жүргізілуде, сумен жабдықтау жүйелерінің ұзындығы шамамен 40 шақырымды құрайды, бұл шамамен 1,8 мыңнан астам адамды таза ауыз сумен қамтамсыз етпек.

– Құрылыс барысы менің күнделікті бақылауымда. Шағын ауылдарды таза ауыз сумен қамту үшін Қарағожиха кентінде және Үлбі Перевалочная станциясында Блокты–модульді станциялар орнатылды. Малоубинка ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша жоба әзірленуде, – деп атап өтті Тамара Рахымжанова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *