Семейде ТМД елдері жоғарғы оқы орындары студенттері арасындағы интернет-олимпиада қатысушыларын марапаттады

Студенттер өздерін сайлау жүйесіндегі білімдерін тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемнің өзге елдерінде көрсетті. Олимпиадаға ТМД елдерінен көптеген студенттер қатысты, аталған көлемді олимпиадаға Семейдің студенттері де қатысты. Семей медицина университетінің және Шәкәрім атындағы университетінің студенттері өз білімдерін танытты. – Бірінші рет Семей студенттері ТМД елдері арасындағы интернет-олимпиадасының жеңімпазы танылды. Біз бүгін ТМД Халықаралықпарламенттік Ассамблеясы және орталық сайлау комиссиясы атынан алғашқы 10 сертификатты тапсырамыз. Осы студенттер Абайдың мерейтойлық жылында әлемдік деңгейде біздің қаламызды абыроймен көрсетті. Студенттер қазірдің өзінде мемлекет негізінде әрқайсысымыздың еңбегіміз тұрғанын біледі. Заңды білетін студенттер үшін болашақта көптеген перспективалар ашылады. Олар сайлауға және сайлануға толықтай құқылы, олар сайлауда бақылаушы бола алады және сайлау компаниясы қалай жүруімен танысуға құқылы. Кейінірек олар сайлау комиссиясының мүшесі, одан кейін қалалық және облыстық мәслихат депутаты, Мәжіліс депутаты, тіпті еліміздің президенті бола алады. Осы балаларды жарқын болашақ күтеді – дейді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Токаев. Студенттер үшін олимпиадаға қатысудың өзі ынталандыру болды. Олимпиадаға қатысушылардың бірі, Семей медициналық университетінің студенті Елдар Азамат олимпиада аяқталысымен өзінің саяси болашағы туралы ойлай бастады. – Мен бұрын көптеген байқауларға және дебаттарға қатыстым, алайда осы олимпиада мен үшін ең көлемді олимпиада. Ол тест форматында өтті, қызықты болды. Тестке дайындалу барысында мен көптеген жаңа білімдер алдым. Бұл білімдер маған болашақта қажет, мен енді сайлауда қанша адам сайланатынын және сайлау қалай жүретіні туралы білемін. Осы олимпиада сонымен қатар маған болашаққа мотивация берді, заңды біле тұра, мен енді сайлауға тек қана сайлаушы ретінде ғана емес басқа санатта қатыса аламын – деп өзінің әсерімен бөлісті Елдар. Балалар осы жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Студенттердің айтуынша, олар болашақта осындай шараларға белсенді қатысуды жалғастырмақ және тәжірибе жинап саяси салада алға жылжымақ.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

ШҚО АКҚ “ШЫҒЫС АҚПАРАТ” ЖШС

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *