Семейде кезекті рейд барысында жүз адамға арнап үйлену той өткізген мейрамхана анықталды

Жұмылдыру тобымен бұқаралық отбасылық шараларды өткізуге тиым салынуына қарамастан той жүріп жатқан мейрамхана анықталды. Шектеу шараларына қарамастан семейліктер отбасылық шаралар өткізуде. Мейрамхана иелері өз мекемелерінің есіктерін жабу, келушілердің автокөліктерін мекемеден қашық жерлердегі көлік тұрақтарына қою сынды қулықтарға барады. Бүгін жұмылдыру тобы той жүріп жатқан мейрамхананы анықтады.
– Бізге біршама уақыт есікті ашпады. Бізге есікті ашқанға дейін екі сағаттан артық далада жүрдік. Үйлену тойына 100-ден астам жиналған, күтушілерді қосқанда 120 адамнан асады. Шектеу шараларына қарамастан адамдар бұқаралық адамдар жиналатын орындарға барып отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыруда. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда жол берілмейтін әрекет – дейді ” Семей – адаллық алаңы” штабының жетекшісі Дариға Дайрова.
1 қазаннан бастап Семейде 112 рейдтік іс-шара жүргізілді, 1543 кіші және орта бизнес нысандары тексерілді, 210 бұзушылық анықталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *