Санитарлық талапты сақтау қажет

ШҚО-да мониторингтік топтардың жұмыстары жалғасуда. Олар күндіз және түнгі уақыттарда кәсіпкерлік субъектілері бойынша рейд жүргізіп, санитарлық талаптарды бұзғандарды жауапкершілікке тартады. Кезекті рейд барысында бірқатар ереже бұзу фактілері анықталып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығында 2 желтоқсанда шектеу режимін бұзу бойынша 5 факті тіркелді. Сонымен қатар, бұрын тіркелген фактілер бойынша айыппұл салынды: “Рубин”,”На кольцевой” дүкендері, “Пассаж” сауда үйі (2) және азық-түлік сататын дүңгіршекте. Айыппұлдың жалпы сомасы – 208 350 теңге.

Семейде бұрын тіркелген ереже бұзу фактілері бойынша 3 айыппұл салынды. Оның ішінде 1 айыппұл – «Меркурий» (Серікбол) мейрамханасының иесіне отбасылық мерекелік іс-шара өткізгені үшін, 2 айыппұл – үйінде салтанатты шара өткізген жеке тұлға мен №6 қоғамдық көлікте маскалық режимді бұзған қала тұрғынына. Жалпы сомасы – 402 810 теңге.

Зайсан ауданында 46 нысан тексеріліп, 1 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Қаратал ауылында бұрын тіркелген 1 ереже бұзушылық бойынша 41 670 теңге айыппұл салынды. Мұнда Кебаев, 36 мекен-жайындағы үйде салтанатты шара өткізген Р.Қасымов есімді азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аягөз ауданында санитарлық нормаларды бұзған Н.Ахмадиев, А.Қуандықов, О.Нұрғалиева және А.Ілиясова есімді тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 166 680 теңге.

Катонқарағай ауданында өткен рейд барысында Топқайың ауылында 1 ереже бұзушылық анықталып, “Қуат” дүкенінің сатушысы Н.Нұрғалиеваға 41 670 теңге айыппұл салынды.

Риддерде 5 рейд өтіп, оның барысында 71 нысан тексерілді. Ереже бұзу фактілері тіркелмеді, алайда бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 125 010 теңге болатын 3 айыппұл салынды ( Риддер қалалық ауруханасын тексеру кезінде жауапты тұлға санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды толық көлемде сақтауды қамтамасыз етпеген).

Күршім ауданының Боран ауылында М.Мұқанов есімді азамат маскалық режимді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *