Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жұмысы жандандырылды

Облыстық драма театры 7 желтоқсаннан бастап көрермендерін қайта қуантпақ. Бұған дейін театрлар да өзге да ұйымдар сияқты шектеу шараларының күшеюіне байланысты өз жұмысын тоқтатқан болатын. ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2 желтоқсандағы жаңа қаулысында театрларға ерекше шарттармен жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді.

Алайда, спектакльдер тек жұмыс күндері өтеді. Сонымен қатар, билеттер саны шектеулі. Көрермендер шахмат тәртібі бойынша отырғызылып, залдың толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс. Тек, өнер сүйер қауым міндетті түрде маска киюі және әлеуметтік қашықтықты сақтауы қажет.

Ал, бүгін 8 желтоқсанда М.Задорновтың «Ва – банк, или последняя попытка» комедиясының қойылымы, 9 желтоқсанда Ю. Тупикинаның «Ба» клоунада элементтері бар комедиясының көрсетілімі жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты драма театр көрермендермен кездесудің жаңа форматын іздестіруде. Осы ретте, театр ұжымы «ALTAI» телеарнасымен бірлесіп, телеэфирде спектакльдерді онлайн трансляциялау жобасын іске қоспақ.

Трансляция бағдарламасына Дидахмет Әшімхановтың повесі бойынша «АЛАС», Авксентий Цагарелидің Хануманың әрекеттері және Эдуардо Де Филиппоның Елестер қойылымдары енді. Көрермендер алғашқы қойылымды жақын арада көреді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *