Семейде көтерме сауда – тарату орталығы салынуда

ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нурбаев жұмыс сапары барысында құрылысы қарқынды жүріп жатқан «Jolaman» көтерме сауда-тарату орталығында болды. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге, республикалық тауар өндірушілер желісін құрудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Жалпы 2025 жылға қарай елімізде түрлі қуаттағы 20 көтерме сауда-тарату орталығын салу жоспарлануда. Олардың алғашқы бесеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі. Семейдегі көтерме сауда-тарату орталығының жалпы жер көлемі 11 га. Бұл Жоламан кенті ауданындағы бұрынғы «Сары» базары, оның аумағын «Ақшың» корпорациясы сатып алып, ЖСҚ дайындады және көтерме сауда-тарату орталығының құрылысын бастады. Құрылысқа компания өз қаражатынан 1,5 млрд теңге салды. Тағы 473 млн теңге «Даму» қорының қолдауымен «ЦентрКредит» банкінен несие алынды. Қор несиенің жылдық мөлшерінің 9%-на субсидия жасайтыны, қалған 6% несие алушы төлейтіні белгілі. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл олар үшін мемлекет тарапынан үлкен көмек екені сөзсіз.

Құрылыс былтырғы жылы жазда басталған, қазіргі уақытта аяқталу алдында. Бүгінгі күні қуаттылығы тәулігіне 50 ірі қара мал соятын өзінің қасапханасы жұмыс істеуде. Орталық аяқталғанда көтерме-тарату қоймалары, кросс-док, тоңазтқыш және мұздатқыш камералар іске қосылады. Тәуелсіздік күні 200 орындық жәрмеңке ұйымдастыру жоспарлануда, бұл жерде аймақтағы тауарөндірішулер өз өнімдерін сататын болады.

Айпақшы, көтерме сауда – тарату орталығы – «семейліктердің өз еңбегі» ресми мәртебесіне ие. Осы уақытта дейін көтерме сауда-тарату орталығында осындай мәртебе болған жоқ. Жақында қала тұрғындары осындай бастамамен шықты, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы қолдады. Бүгінгі күні, ғимарат салуға және жабдықтар сатып алуға 25% субсидия кіргізілген құрылыс жобасының паспорты әзірленді. Енді көтерме сауда-тарату орталығы отандық ауылшарушалық туарларын өндірушілермен тікелей жұмыс істейтін болады. Олардың өнімдерін тиімді бағамен сатуды қамтамасыз етеді.

Нысанды қарап, Ержан Нурбаев жұмысты оң бағалады, осы жоба сауда саласындағы жетекші орындардың біріне айналатыны сөзсіз деп атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *