Семейде 10 – 19 желтоқсан аралығында волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 туры өткізілуде

Көлемді жарыс Қарағайлы ықшам ауданындағы көпсалалы мәдени-спорттық кешені жаңа аренасының спорттық алаңында жүргізілуде.

Бұл жыл сайын қыз балалар және әйелдер арасында өткізілетін волейбол біріншілігі. Ол қазан айында басталып наурыз-сәуір айларында аяқталады. Биылғы жылы біріншілікті Семейде өткізу туралы шешім қабылданды, өйткені, біріншіден бұл жерде жаңа арена ашылды. Ал, екіншіден, Өскемен қаласында эпидемиологиялық жағдай жақсы болмауына байланысты біз чемпионатты осында көшіруді шештік. Алаңда біз төртінші күн жүрміз. Ол өте үлкен, кең және халықаралық деңгейдегі жарыстарға сай. Дегенмен алғашқы күндері кеңістіктің үлкен болуына байланысты бойымыз үйренбеді, сондай-ақ кейбір ойыншыларды ашық жарық сәулесі көздеріне әсер етті, ал қазір қыздар бұған үйренді және еш қиындықсыз ойнауда – дейді «Алтай» волейбол клубының баспасөз хатшысы Диана Грохотова.

Чемпионатқа 7 команда қатысуда, олардың екеуі Шығыс Қазақстан облысының командасы – «Алтай», «Алтай-2». Екі команда да жақсы нәтижелер көрсетуде.

Жарыста бірінші команда әзірше көш бастап келеді, ал екінші командада қыздар әлі жас және енді-енді үйреніп келеді, алайда өздерін жақсы көрсетуде. Әрине, тәжірибелері аздап жетіспейді, бірақ олар үйренуде. Барлығы 5 тур болады және плей-офф өтеді – деп қосымшалады клуб баспасөз хатшысы.

Бұл жерде көпжылдық тәжірибелері бар, сондай-ақ жас волейболисттер өнер көрсетуде. Алайда, ойнаған ойындарының санына қарамастан, олардың барлығы бірдей чемпионатқа жан-жақты дайындалады. Лигаға жаңа қосылғандар ойындарға ерекше қорқынышпен қарайды және қазір үлкен, деңгейлері жоғары командалардан тәжірибе жинауда.

Біз ұлттық лигада бірінші жыл ойнаудамыз, біз үшін әр жарыс – үлкен тәжірибе. Өзіміз үшін ойнаймыз және жеңіске үмітіміз бар. Деңгейі жоғары командалармен ойнаған өте қызықты. Жаттықтырушымыз бізге бұл жарысқа халықаралық деңгейдегідей дайындалу қажеттігін айтады. Сондықтан, бәріміздің рухымыз жеңуге бағытталған – деп спортшылардың бірі Идалия Чамчиева өзінің әсерімен бөлісті.

Чемпионатты көргісі келетіндер және сүйікті командасына жанкүйер болғысы келетіндер мұны теледидардан да, интернеттен де тамашалай алады. Ойындар Qazsport телеарнасында және YouTube көрсетіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *