Соғыс ардагері алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Өскеменде тұратын ҰОС ардагері Михаил Кравченко алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 94 жастағы қария таң бозынан тұрып, сайлау учаскесіне өзі келді.

-Мен сайлауға әрдайым қатысамын, өз пікірімді білдіру және елдің саяси өміріне қатысу – бұл өте маңызды.  Елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын. Осы бейбіт аспан үшін, ел тағдырына қатысу құқығы үшін біз соғыс кезінде өз өмірімізді беруге дайын болдық. Барлығына айтарым «өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз, дауыс беріңіз, өз таңдауыңызды жасаңыз, – дейді ардагер.

Михаил Матвеевичтің айтуынша, дауыс беру – бұл  мемлекеттің болашағына бейжай қарамай, оның дамуына үлес қосу, өзінің азаматтық парызын орындау.

Соғыс ардагері Михаил Кравченко Балтық жағалауы майданы құрамында Риганы азат етуге қатысқанын айта кеткен жөн. Соғыстан кейін Томск политехникалық институтына оқуға түседі. 1954 жылы Қиыр Шығысқа геолог болып жұмысқа аттанады. Ал 1960 жылы Өскемен қаласына геологиялық басқармаға жұмысқа келеді.

Ол 1976 жылы зейнетке шыққанына қарамастан әлі күнге дейін Алтай геологиялық-экологиялық институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді, Оның еңбек өтілі 67 жыл. Екі ұл тәрбиелеп, олардан бес немере мен бес шөбере сүйіп отыр.

Жауынгерлік еңбектері үшін «Еңбек Қызыл Ту» және «Отан соғысы» ордендерімен, “Германияны жеңгені үшін”, “Жеңіске 70 жыл”, “Еңбек ардагері” мерейтойлық медальдарымен, Томск политехникалық институтының 100 жылдығына орай төсбелгісімен марапатталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *