Шығысқазақстандық жазушылардың шығармалары «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап» акциясына қатысады

Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Айтулы оқиға аясында түрлі акциялар мен челлендждер басталды.
Осылайша, 14 жыл бойы қазақстандықтарды қуантып келе жатқан “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы ел егемендігін мерекелеуге арналған. Естеріңізге сала кетейік, “Бір ел – бір кітап” акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бері ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапхана қауымдастығының бастамасымен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Ол қазақ әдебиетін оқуды дәріптеуге, сондай-ақ тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтауға және көбейтуге, жас ұрпаққа дұрыс адамгершілік-патриоттық тәрбие беруге бағытталған.
Биыл еліміз Тәуелсіздік мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты бүкілхалықтық оқуға бір кітап емес, поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы танымал қазақстандық авторлардың үздік 30 кітабы таңдалды. Таңдалған шығармаларды насихаттау үшін жыл бойы еліміздің кітапханаларында кітап көрмелері мен тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.
А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Бибігүл Шағиева айтып өткендей, бұл тізім әр ұрпаққа арналған әдебиеттерді, ауқымды географияны қамтиды. Оған жерлестеріміздің шығармалары енген. Мысалы, поэзия жанрында Зайсанда туған қазақстандық ақын Ұлықбек Есдәулеттің кітабы ұсынылған. “Киіз кітап” шығармасында ел мен жер, уақыт пен қоғам, табиғат пен махаббат туралы лирикалық, әлеуметтік-философиялық поэзия бар. Кітап оқырманның ойлары мен сезімдерін бей-жай қалдырмайтын әсерлі, өзекті өлеңдерге толы. Проза жанрында қазақ әйелінің тағдыры мен мүгедек баланың дүниеге келу трагедиясын, Семей полигонындағы сынақ құрбандарын ашатын Сәуле Досжанның “Қасірет пен тағдыр” романын атап өткіміз келеді. Айта кетейік, биыл қазақстандықтар Тәуелсіздік мерейтойымен қатар тағы бір атаулы күн – Халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығын атап өтуде.
Драматургия жанрында Шығыс Қазақстанды жазушы әрі драматург, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Думан Рамазан “Пешене” жинағымен таныстырады. Автор өз шығармаларында тарихи тұлғалардың даналығын, көрегендігін, ашық көзқарасын, шешендігі мен батырлығын атап көрсетеді. Балалар әдебиеті бөлімінде Зайсан ауданынан келген жерлесіміз, журналист, жазушы, Марат Қабанбаевтың “Саяхатшы Тити” атты шығармасы бар, онда Таймас есімді бала мен оның отбасы – ағасы Алмас және ата – анасы туралы баяндалады.
– Сонымен қатар, биыл белгілі қазақ ұстазы, ағартушы, ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Сондықтан, осы республикалық акция аясында кітапханада білімнің құдіреті туралы шығарма “Өнер – білім бар жұрттар” туындысы ұсынылды, – деді Бибігүл Шагиева.
Аударма жанрында Ұлан ауданында дүниеге келген жерлесіміз Кеңес Юсуповтың есімі де айтылды. Ол Габриэль Гарсиа Маркестің “Жүз жылдық жалғыздық” атты испан тіліндегі ең танымал кітабын аударды. – “Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап” республикалық акциясында атап өтілген осы кітаптардың барлығы арқылы Қазақстанның қалай өзгергенін, адамдардың қалай өзгергенін түсінуге болады. Акция аясында оқылатын кітаптар жас ұрпаққа үлкендерге деген құрмет, ата – бабаларымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу, жан тазалығына, шынайы сезімге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді деп үміттенеміз, – деп атап өтті А.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың директоры.
Айта кетейік, кітаптарды онлайн режимде Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасының сайтынан табуға және оқуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *