Шығысқазақстандықтар мемлекеттік гранттардың арқасында бизнес ашуда

ШҚО Глубокое ауданы Степное ауылының тұрғыны Виталий Алиев бала кезінен машина құрастыруды жақсы көретін. Бүгін оның хоббиі маңызды іске айналды. Ол мемлекеттің қолдауына ие болып, өзінің техникалық қызмет көрсету бизнес – станциясын ашты.
Виталий Алиев 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнес негіздеріне оқыту курсынан өтті. 550 мың теңге гранттық сомаға ол құрал-жабдық сатып алды: форсункаларды жууға арналған стенд, отын жүйесін жууға арналған аппарат, қозғалтқыштарды басқару блогына және қате жүйелерді оқуға арналған бағдарламашы, сондай-ақ қысқа тұйықталу тестері.
“Бүгінгі таңда Виталийдің жұмысына риза өз клиенттері бар. Олар көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бағасына қанағаттанады. Жас кәсіпкерге өркендеу мен үлкен табыс тілейміз!”- деді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова.
Айта кету керек, Виталий Әлиев – гранттық қаражаттың арқасында өз ісін аша алған жалғыз адам емес. “Еңбек” бағдарламасының екінші бағыты бойынша “Бастау Бизнес” жобасы аясында 2 мыңға жуық шығысқазақстандық бизнес негіздеріне оқытылды.
“Еңбек” бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті несиелендіруге 4,4 млрд.теңге қарастырылған. 4,4 млрд. теңге сомасына 961 микрокредит берілді, бұдан басқа, 2019 жылдың қаражатынан 0,3 млрд.теңге сомасына 27 кредит берілді. Барлығы 4,7 млрд. теңгеге 988 шағын несие берілді. теңге”, – деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы.
“Еңбек “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бағдарлама шеңберінде жұмыссыздардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың және кәсіптік біліктілігі жоқ жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
Басқарманың деректеріне сәйкес, “Еңбек” бағдарламасын іске асыруға 2020 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 10,3 млрд.теңге бөлінді. Оған 30444 адам қатысты, оның ішінде: 16,6 мың жұмыссыз, 6,1 мың адам – өзін – өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, 5,3 мың адам жұмыс іздеп жүрген адамдар және 2,5 мың басқа азаматтар (олардың ішінде студенттер, зейнеткерлер және т.б.). 18,5 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 11,5 мың шығысқазақстандық тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *