ШҚО ЖОО мен колледждері оқушылардың білім сапасын арттыру үшін мектептермен ынтымақтастықты жандандырмақ

Мектептердің университеттермен ынтымақтастық мәселесі қазір басты назарда. Осы ретте бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің алға қойған міндеттерін орындау – Қазақстан мектептеріндегі білім сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындарында педагогтардың, студенттердің, ғылыми, цифрлық және кітапханалық ресурстардың зор әлеуеті шоғырланған.
Қиын карантиндік жағдайда облыстың ЖОО мен білім беру ұйымдарын интеграциялау ШҚО мектептерінде білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыста ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты ШҚО білім басқармасы мен өңірлік жоғары оқу орындары, педагогикалық колледждердің олқылықтардың орнын толтыру және жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру бойынша 2021 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары әзірледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында облыстың білім беру саласының өкілдері жан-жақты айтып берді.
ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухинаның айтуынша, кешенді жоспар аясында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Семей қаласының Шәкәрім университеті, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, сондай-ақ М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі мектептермен өзара іс-қимыл жасамақ.
С.Аманжолов ат. ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген атап өткендей, мұндай интеграция өңірлік жоғары оқу орындарына түсуге бағдар бере отырып, орта білім беру сапасын арттыруға және оқушыларға ерте бейінді бағыт беруге мүмкіндік береді.
– «ЖОО – мектеп» интеграциясының негізгі әсері – бұл оқушылардың табысты кәсіби бағдарлануы, сондай-ақ болашақ педагогтардың мектеп жүйесіне бейімделуі, демек, сәйкесінше мамандық бойынша жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіштері болып табылады, – деді Мұхтар Төлеген.
Кешенді жоспарға бірнеше бағыт енгізілді. Атап айтқанда, С.Аманжолов атынағы университеттің базасында мектеп педагогтары мен мұғалімдеріне қолдау көрсету үшін “Аманжолов онлайн – мектебі” платформасы іске қосылды. Платформада әртүрлі бейнесабақтар, кітапхана ресурстары, оқу-әдістемелік материалдар бар. Барлық ақпарат тегін беріледі және оқушылардың барлық санаттарына қолжетімді.
Сонымен қатар, облыстың білім басқармасы, университеттері мен колледждерінің ынтымақтастығы аясында бүкіл Шығыс Қазақстан бойынша қамқорлыққа алынған мектептер анықталды. Үлгерімі нашар оқушыларға көмек көрсету үшін ЖОО мен колледждердің педагогикалық мамандықтарының 850-ден астам студенттерін бекіту жоспарлануда. Сондай-ақ, С.Аманжолов атындағы университетте білім алатын ерікті дефектологтар мен психологтар пандемия басталған уақыттан бері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен мектептерде және түзету орталықтарында жұмыс істеп келе жатқанын айта кеткен жөн.
1 наурыздан бастап ЖОО базасында физика, математика, химия, Тілдер, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы бейіндері бойынша 12 мың оқушыға арналған жексенбілік онлайн-мектеп өз жұмысын бастайды. Тәуекел тобындағы және мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдер, сондай-ақ олардың ата-аналары үшін психологиялық сүйемелдеу және оқуға деген ынтаны арттыру бойынша «Сендір, әрекет ет, дами түс» қағидатымен психологтар мектебі әрекет етеді.
Мұхтар Төлеген атап өткендей, қазірдің өзінде студент-педагогтардың педагогикалық және өндірістік практикасын ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралды. Практикадан өту шеңберінде 3-4 курс студенттері, 1 және 2 жыл оқу магистранттары білім берудегі аймақтық жаңа технологиялар орталығымен бірлесіп, онлайн трансляциямен жалпы білім беретін пәндер бойынша волонтерлік сессияларды ұйымдастырады.
Сонымен қатар С.Аманжолов атындағы университеттің базасында «Оқушылардың үлгермеуінің педагогикалық және психологиялық проблемалары» және «Цифрлық педагогика және педагог қызметкерлердің цифрлық және IT-сауаттылығын қалыптастыру жағдайында Blended Learning» тақырыптары бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттырудың онлайн-курстары ұйымдастырылатын болады. Университет қайта даярлау курстарын өткізеді.
10-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін жыл бойы «Өсу орталығының» курстары өтуде. Сондай-ақ, білім басқармасымен «Каникулды тиімді өткіз» атты бірлескен жоба іске қосылып, университет сайтында талапкерлерге тест базасы ұсынылды. 11 сынып және колледж түлектерімен ЖОО түсу шарттары бойынша тұрақты ақпараттық жұмыс жүргізіледі, Виртуалды қабылдау комиссиясы және call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.
Мектеп түлектерін педагог мамандығына тарту мақсатында университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, онлайн және оффлайн форматта мектептер базасында университеттер мен колледждер филиалдарында педагогикалық сыныптарды ашу бойынша жұмыс қайта басталады.
Динара Шаухина атап өткендей, өңірлік жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері мен оқытушыларын тарта отырып, білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша консультативтік көмек пен жекелеген пәндер бойынша оқу бағдарламасының күрделі тақырыптарын оқып-үйрету бойынша облыстың 34 мыңнан астам оқушысына көмек көрсетіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *