Семейге ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет пен “Парасат жолы” республикалық орталығының басшысы Садыбек Түгел жұмыс сапарымен келді

Олар 2019 жылы “Шығыс – адалдық алаңы”жобасы аясында ашылған әкімдіктің ақпараттық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда дербес салалық бөлімдердің мамандары азаматтарды “бір терезе” қағидаты бойынша қабылдайды. Сонымен қатар, қала тұрғындары проблемалық мәселелер бойынша кеңес алып, өтініштер мен шағымдарға жауап ала алады. Күн сайын фронт-офис жүзге жуық келушілерге қызмет көрсетеді.

– Бүгін біз қасиетті Семей жеріне келдік. Жұмыс сапарымыздың басты мақсаты- осы жерде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыспен танысу. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көптеген жобалар іске асырылуда. Олардың бірі – “Шығыс – адалдық алаңы”. Оның аясында фронт-офис жұмыс істейді. Мұнда қала тұрғындары өтініштерін білдіріп, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша ауқымды ақпарат ала алады. Үлкен жұмыс жүргізіліп жатқаны көрініп тұр, – дейді “Парасат жолы” республикалық орталығының жетекшісі Садыбек Түгел.

Содай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, оларға жемқорлыққа қарсы жобалар туралы айтып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарын атап өтті.

– Жазаны бірден қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтеу бірнеше рет жасалған парақорлыққа делдал болғаны үшін сотталған адамдарға, қылмыстық топқа я болмаса өзінің қызмет бабын пайдаланған адамға қолданылатын болады. Бас бостандығынан айыру мерзімдерін ұлғайтумен қатар, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшері де өсті. Мысалы, енді 145 мың теңге көлемінде пара берушілер үшін айыппұлдың ең төменгі мөлшері 10 еседен 20 есеге дейін ұлғайтылды. Егер адам 100 мың теңге сомасында пара берсе, онда сот тағайындаған ең төменгі айыппұл 2 млн. теңге болады. Бұған дейін бұл айыппұл мөлшері 1 млн.теңгені құраған болатын, – деді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілерді өз жұмысына жауапкершілікпен қарау міндеттелді. Сонда-ақ, ШҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң дамуы атап өтілді.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *