№4 ХҚО өскемендіктерге бұдан былай мемлекеттік қызметтер көрсетпейді

Оңтайландыруға байланысты ағымдағы жылдың 11 наурызынан бастап Қабанбай батыр көшесі, 159/4 мекенжайы бойынша орналасқан №4 ХҚО өз қызметін тоқтатады.
Карантин кезінде аталған ХҚО “Цифрлық сектор” ретінде электрондық қызметтер көрсетті. Анализ қорытындысы көрсеткендей, бөлімнің жүктемесі аз және онда жұмысты жалғастыру тиімсіз. Сонымен қатар, қала бойынша басқа ХҚО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы компьютерлер саны артты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап барлық ХҚО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы қайта жанданды. Кез келген азамат электрондық мемлекеттік қызметтерді ХҚО ғимаратында өз бетінше, кезек брондаусыз ала алады.
ХҚО жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *