Әлеуметтік желілерде Абайдың “Жидебай-Бөрілі”қорық-музейінің ішкі жай-күйі көрсетілген бейне тараған еді.

Келушілердің бірі түсірген видеода кешеннің төбесінен судың қалай ағып жатқанын көруге болады.  Кешен директоры Тұрдықұл Шаңбай кейбір проблемалардың бар екенін растады.

– Шатырдан су ағып жатқанын білгеннен кейін,  мен бірден Жидебайға бет алдым. Судың ағуы тоқтады. Мұның бірден бір себебі жиналған қарда емес,  екі күн бойы жауған жаңбырдың кесілінен болған. Нәтижесінде  кіре берістегі тігістер ашылды. Біз қызметкерлермен барлық кешенді аралап, кешеннің жай-күйін тексердік. Кешен – бұл біреудің нақты меншігі емес, біздің болашақ ұрпақ үшін сақтауға тиіс ортақ игілігіміз, -дейді Тұрдықұл Шаңбай.

Қазіргі уақытта жөндеу кемшіліктерін жою бойынша арнайы топ жұмыс істеуде. Сондай-ақ, бұл жоба әлі толық қабылданбағанын және бүгінгі күні тек қабылдау барысында екенін атап өткен жөн.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *