Семейде “Мейірімділік керуені” байқауының қатысушылары мен жеңімпаздары марапатталды

Абай музейінде “Мейірімділік керуені”республикалық байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және “Дегдар”гуманитарлық қоры ұйымдастырды.

Байқау  қайырымдылық идеяларды насихаттауға бағытталған. Жобаға қатысушылар мұқтаж жандарға көмектесіп, қайырымдылықпен белсенді айналысады. Олардың арасында мәдениеттің дамуына үлес қосып,  экологиялық мәселелерді шешіп, әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын жандар бар.

–  Өздеріңіз білетіндей, “Мейірімділік керуені” байқауы өтті. 700 өтінімнің ішінен екі бірінші орынды Семей қаласының өкілдері жеңіп алды. Олар Алматы қаласында өткен салтанатты кеште марапатталып, ал, бүгін Дариға Нұрсұлтанқызының атынан біз оларға лайықты марапаттарын табыстаймыз, – дейді облыстық мәслихат депутаты Шолпан Чегедекова.

“Асар” номинациясы бойынша бірінші орынды Семей қаласының атақты қолөнершісі, талантты зергер Абылайхан Асылбай иеленді. Жеңімпазға лайықты бірінші орын  ұлттық қолөнер бұйымдарын дацындап, насихаттауға қосқан ерекше үлесі үшін берілді.

“Туған жер” номинациясы бойынша тағы бір жерлесіміз, “Халықтан халыққа” қорының жетекшісі Дәурен Кульчигишев жеңіске жетті. Пандемия кезінде қор мұқтаж адамдарға оттегі концентраторлары және басқа да қажетті заттарды  алуға көмектесті. Осылайша, қор 17 млн.теңге сомасына 185 ӨЖЖ аппараты мен дәрілік заттарды сатып алды. Сонымен қатар, қор көпбалалы отбасыларға әрдайым қолұшын созады. Қор есебінен бүгінгі таңда алты көпбалалы отбасы өз баспаналарын сатып алды.

 

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *