№3 орта білім беру мектебінде 1-7 сынып оқушылары арасында “Зерде” республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қорытынды кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Байқауға №6 гимназиясы, №47 ЖОМ және Шәкәрім атындағы гимназия оқушылары қатысты. Үздіктер ҚР БҒМ I, II және III дәрежелі дипломдары мен медальдарының иегері атанды.

Бұл күні жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері де лайықты марапаттарына ие болды.

Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша 12 оқушы алтын, 3 күміс және 8 қола медальға ие болды. ҚР БҒМ I, II және III дәрежелі дипломдарымен Шәкәрім атындағы гимназия, №37 мектеп гимназия, Экономикалық лицей, Т. Аманов атындағы №16 мектеп, №19, 17, 2 ЖОББ мектеп оқушылары марапатталды.

– Шығыс Қазақстаннан 44 оқушы қатысты. Оның 23-і Семей қаласынан. Олардың 12 қаламыздың атын шығарып, жеңімпаз атанды. Бұл мұғалімдер мен оқушылардың ортақ қуанышы. Біз балаларымыздың оқып, осындай жоғары жетістіктерге жеткеніне дән ризамыз, – дейді қалалық білім бөлімінің дарынды балалармен жұмыс жөніндегі маманы Гүлнар Жәкеева.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы бір жылдан астам уақыт дайындалды. Байқаудың қола жүлдегері, 9-сынып оқушысы Степан Пикулев осы зияткерлік жарысқа екі жыл дайындалған. Ол бала кезінен нақты ғылымдарға қызығушылық танытқан және болашақта өмірін осы саламен байланыстыруды жоспарлап отыр. Байқауда оқушы қуаты 625 Ватт микротолқынды пештен дәл контактілі дәнекерлеу аппаратын жинаумен ерекшеленді.

– Әрине, оңай болған жоқ. Қазақстанда 7 миллионға жуық микротолқынды пеш қоқысқа кетеді. Олардың ішінен бірдей мөлшерде дәнекерлеу машиналарын жасауға болады. Мен физикаға көптен бері қызығамын. Бұған дейін әкем маған физика заңдарын үйреткен. Мен өмірді осы саламен байланыстырғым келеді. Мектепті бітіргеннен кейін мен әскери немесе ядролық физиқаға бет бұрамын деп ойлаймын”,-дейді Степан.

Оқушылардың ғылыми жетекшілері де “Дарын” республикалық практикалық орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *