ШҚУ-да «Жадыңнан өшпес» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

31 мамырда – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Жадыңнан өшпес» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
ШҚО Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Өскемен қаласының және Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы, ҚХА мүшесі және тыл еңбеккері, ҚР ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі Лео Богданович Шик және Сәрсен Аманжолов атындағы ШКУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген құттықтау сөз сөйледі.
Конференция жұмысына еліміздің түрлі өңірлерінен – Нұр-Сұлтан, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Семей, Өскемен, Зайсан қалаларынан келген ғалымдар мен ШҚО музейлерінің ғылыми қызметкерлері қатысты.
Конференция барысында зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер көтерілді.
«Алаш» қазақ қоғамдық-саяси ұлт-азаттық қозғалысы туралы баяндаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зада Оразғалиқызы Дүкенбаева қуғын-сүргін тарихындағы қайғылы кезең туралы біз тек осы еске алу күнінде ғана айтып қоймай, оны күн сайын ұмытпауымыз керек екенін атап өтті.  
 «Ғасыр басындағы трагедия: құрбандар мен қанішерлер» –  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің доценті Людмила Александровна Гривенная осы тақырыпты баяндама жасады.
– Біздің университетте Қызылордаға жер аудару туралы материалдар жинақталған. Мен сіздердің ғалымдарыңызбен Шығыс Қазақстанға жер аударылғандар туралы материалдар алмасқым келді, – деп ұсынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті тарих кафедрасының ғалымы Айтжан Жұмабайұлы Оразбақов.
Өз кезегінде «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы (Нұр-Сұлтан қ.) Ерлан Сайлаубай ғалымдар тек мұрағат материалдарын жинаумен шектелмеуі тиіс екенін атап өтті.
– Көптеген қазақстандық отбасыларда, біздің арамызда жер аударылғандар мен олардың ұрпақтары аз емес. Көптеген отбасылар қуғын-сүргіннен зардап шекті. Біз олардан сауал алып, әңгімелерін жазып алуға міндеттіміз. Тарих тек мұрағаттардан ғана тұрмауы керек. Күнделікті өмірден де тарихи мәліметтер алуымыз тиіс, – деді «Ел тарихы» ҒЗО басшысы (Нұр-Сұлтан қ.) Ерлан Сайлаубай.
Ата-бабалары қуғын-сүргінге ұшыраған конференция қатысушысы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің (Семей қ.) доценті Арафат Мәжитұлы Мамырбеков өтіп жатқан іс-шараның ерекше маңызын атап өтті.  
Ал бала кезінде отбасымен Қазақстанға жер аударылған Лео Шик бұл туралы өзінің «Я знаю: ангел есть» атты кітабында жызған, ол еңбегін ЖОО-ға естелік қолтаңбамен сыйға тартты.
Зайсан өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Нұрлыбек Айтмұқашұлы Қалибаев қуғын-сүргінге ұшырап, азап тартқан өз жерлестері туралы айтып берді.
Іс-шараға қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру қажеттігін атап өтті.  
Университет ректоры М. Төлегеннің айтуынша, конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылады.
Конференция барысында университеттің Ғылыми кітапханасы ұйымдастырған көрме ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *