Семейде «Тәуелсіз елім-мақтанышым менің» акциясы басталды

Қалалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім-мақтанышым менің» акциясы басталды. Жобаға түрлі қызмет салаларының өкілдері қатысты. Олар дөңгелек үстел аясында  тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өз еліне деген мақтаныш сезімдерін жеткізді.

– Тәуелсіздік-еліміздің басты құндылықтарының бірі.  Ол арқылы еліміз көптеген белестерді бағындырып, нәтижелерге қол жеткізді. Біз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз. 1993 жылдың басында «Қазақ тілі» ұйымы құрылды. Содан бері біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүру дегеннің не екенін сезіндік. Біз осындай қысқа мерзім ішінде осындай дәрежеге жеткенімізді мақтанышпен айта аламыз, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында акция қатысушылардың саны шектеулі болды. Жоба бір жыл бойы жалғасып, әлеуметтік желілерде өз жалғасын табатын болады.

ШҚО “Шығыс ақпарат” ЖШС АКҚ Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *