Өскеменде 28 маусымнан «Екпе алып, көлік ұтып ал!» акциясы басталады

Екпе алған 18 жастан асқан Өскемен қаласының барлық тұрғындары автокөлік ұтыс ойынына қатыса алады.
Ол үшін барлық екпе алған азаматтар 28 маусымнан бастап https://vaccine-uk.kz/ сайтында тіркелуі қажет. Акцияға жылдың басынан екпе алғандар қатыса алады.
Аты-жөнін, ұялы телефон нөмірін және екпе алған орынды көрсеткеннен кейін, акцияға қатысушыға алты таңбалы бірегей нөмір беріледі, осы нөмір бойынша бас жүлде ойнатылады.
Ұтыс ойыны жалпыға бірдей екпе алу науқаны аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде онлайн трансляция арқылы өтеді.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұтыс ойынның барлық кезеңдерін қадағалайтын тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылады.
Акцияға Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен отбасы мүшелерінің қатысуына тыйым салынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *