ШҚО-да қонақ үйлер ерікті түрде вакцина алуға ниет білдірді

Жазғы туристік маусымда қонақтардың басым бөлігі қонақ үйлерге келетіні белгілі. Осы ретте ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, туристерді орналастыру орындарының қызметкерлерін кезең-кезеңімен вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізуде.
– Республика бойынша қонақ үйлердің ең қөбі – Шығыс Қазақстан облысында. Яғни, келушілерді орналастырумен айналысатын 560 орын бар. Індетке қарсы вакцина алудың алдыңғы қатарында туризм қызметкерлері болуы керек. Коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолы ол – вакцина алу. Осыған орай кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жұмыс орнында көшпелі мобильді группалардың жұмысы  ұйымдастырылды. Айта кету керек, қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қонақ үй қызметерлері вакцина алуға өз еріктерімен ұсыныс жасаған.
Себебі олар туристермен тікелей байланыста болады. Қазір екпенің бірінші кезеңін алған қонақ үй қызметкерлерінің саны 70 пайызға дейін жетті, – дейді Шығыс Қазақстан облысның Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 23 маусымында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қонақ үй басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың 24 маусымында көшпелі вакцинация жүргізуге қаланың екі ірі “Dademan” және “Өскемен” қонақ үйлерінен өтінімдер келіп түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *