Семейде жоғары кернеулі кабель шығаратын желі ашылды

Бүгінде 35 кВ дейінгі жоғары кернеулі кабельдің инновациялық өндірісі “Qazinnovations” ұлттық даму және инновация институтының қолдауымен іске қосылды. Бұл жобаны іске асыруға  арнайы грант бөлінді.

Қазіргі таңда зауыт полиэтиленнен жасалған кабель шығарады. Елімізде электр беру желілері қарқынды жүргізіліп жатқандықтан, зауыт өтінімі үлкен сұранысқа ие.

–          Бұл жобаның еліміз үшін маңызы зор. Бес жыл бұрын мұның бәрі тек арман болды. Біз елімізде кабель шығаруды мақсат етіп, Еуропалық Даму Банкіне жүгіндік. Онда бізге тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға және теориялық базаны құруға көмектескенарнайы мамандар болды. Жабдық қымбат болғандыұтан, қаржыландыру мәселесі туындады. Осы ретте, бізге “Qazinnovations” компаниясы көмекке келді. Ол жабдық құнының 50% төлеп берді. Бұл өтеусіз грант екендігін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда біз орташа кернеулі кабель шығарып, оны Мұнай және құрылыс компанияларына сатамыз. Өткен жылы біз орташа кернеулі кабельді миллиард теңгеден астам сомаға саттық. Қазір елде желілерді кабельдің жаңа түрлеріне қайта құру жүріп жатқандықтан, жақын арада оған қажеттілік арта түсетін болады, – дейді “Қазэлектромаш” ЖШС директоры Виталий Распопин.

Жобаның құны 420 млн теңгені құрайды. Зауыт ең заманауи жабдықтармен жабдықталған.

–          Біз бұл жобаға грант бөлдік. Біздің талаптарымыз бірі жабдықтың жоғары технологияларға сай болуы. Гранттың арқасында кәсіпорын қажетті жабдықты сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл оларға аймақ пен республика нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Кабель бүкіл аудандарды қамтамасыз етіп, қазақстандық өнімдер арқылы өтетін болады. Бұл шынымен де импортты толық алмастыру, – деп қорытындылады “НАРИ QazInnovations” АҚ Басқарма төрағасы Ілияс Оспанов.

 

 Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *