Семейде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен 2018 жылдан бастап шілденің алғашқы жексенбісі ұлттық аспабымыздың төл мерекесі болып белгіленді. Бұл айтулы күн ұлттық құндылығымыз бен мәдениетімізді ұлықтап, одан ары жаңғыртуға арналады. Домбыра күнінің мерекеге айналуы – өткен күннен жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға. Сондықтан, ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық.

Осы орайда, Семейде Домбыра күні қарсаңында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы ұжымы  ашық аспан астындағы мерекелік концертін ұсынды.

–           Ұлттық домбыра күні барша қазағымызға ортақ айтулы мереке. Әр қазақ қуанышы мен жұбанышын, қайғы-қасіретін домбыра арқылы жеткізген. Күй өнерімізді дамыту мақсатында Елбасының Жарлығымен бекіген «Домбыра күні» барлығымызды қуантады. Ұлттық кодымызды жаңғыртып, өнеріміз бен жырымыздың келешек ұрпаққа жетуі біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Әміре Қашаубаев атындағы ұжым оның ішінде «Бибігүл» қазақ халық аспапатары оркестрі туындыларын көрерменге ұсынды. Ашық аспан астында концерт өтіп жатыр. Пандемияға байланысты барлығы санитарлық талаптарға сай өтуде,-деді Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Айбек Бекбосынов.

Мерекелік шарада «Әміре әлемі» ұжымының «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрі 10-нан астам шығарманы орындап, көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.

 Семей қаласының ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *