Семейдің Абай атындағы мұражайда суретші және мүсінші Құрман Аймұханбетовтың “Ядролық сынақтардан азат әлем”атты көрмесі ашылды

Экспозицияда  сынақ құрбандары көрсететін жиырмаға жуық ағаш мүсіндер қойылған.

-Мен мүсін өнерімен 30 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Ядролық полигон тақырыбы кімге болса да әсер етпей қоймайды.Полигоннан зардап шеккен жандарды көріп, олар да адамдар сияқты қалыпты өмір сүрер еді ғой деп ұзақ ойланамын. Мен полигоннан қолдары мен аяқтары қисайған жас жігіттің суретін көрдім. Бірақ ол барлық адамдар сияқты өмір сүре алатын әдемі жас жігі еді.  Көрмеде ұсынылған бүгінгі мүсіндердің барлығы да сол қорқынышты оқиғаларды бейнелейді. Ағаштардың бұтақтарына қарап, мен олардан мүсін түрінде елестетуге тырысқан түрлі құрылымдарды көрдім. Оны тек бір жақты қарауға болмайды, – дейді көрме авторы Құрман Аймұханбетов.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Абай атындағы музей қызметкерлері мен қалалық зиялы қауым өкілдері жиналып, аталған көрменің маңыздылығын және оның авторының ерекше дарынын атап өтті.

–  Көптеген халықаралық форумдардың қатысушылары, Президент Әкімшілігінде Құрман Аймұханбетовтың қолдан жасаған шығармашылығына үлкен құрметпен қарайды. Бұл талант иесі. Біз тарих беттерінде қалған қиын-қыстак кезеңдерді ұмытпай,  сол кездерді шығармашылығына арқау қылған адамдармен мақтанамыз. Құрман “Невада-Семей” қозғалысының бірден екі наградасының иегерлерінің бірі болып табылуы кездейсоқ емес. Мен осы жылы ядролық полигонның жабылуының 30 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне “Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысына 30 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталатынына уәде беремін”,-деді коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығының президенті,” Невада-Семей ” ХАҚ қозғалысының вице – президенті Сұлтан Картоев.

Көрме бір ай бойы жалғасады.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *