Биыл қалалық бюджеттен Әуезов даңғылы мен оған іргелес көшелерді орташа жөндеуге миллиард теңге бөлінді

Бұл сомаға айналма жол айрығынан Ет комбинаты ауданындағы Байғожина көшесіне дейінгі жол төсемін жөндеу жоспарланған. Аталған сома шеңберінде Әуезов даңғылына іргелес Тарбағатай, Иртышская, Крестьянская және 410 квартал көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Конкурс қорытындысы бойынша мердігер “ОблШығысЖол”ЖШС болса, ал  қосалқы мердігер – “Фирма Азия”ЖШС. Әуезов даңғылы бойынша жұмыстарды аяқтау шамамен 1 қазанға жоспарланған.

– Әуезов қиылысында апатты жағдай орын алған елі, алайда қазіргі уақытта ол жойылды. Бірінші бөлік- айналма жолдан Селевинге дейін, одан әрі Селевиннен ет комбинатына дейін қамтылатын болады. Қажетті техника жұмылдырылған. Ол қосалқы мердігерге тиесілі. Мердігер – “ОблШығысЖол” ЖШС, қосалқы мердігер – “Фирма Азия”ЖШС. Орташа жөндеуге-үш жыл, күрделі жөндеуге – 5 жыл кепілдік бар, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Динара Кәкенова.

Қаланың басқа бөліктерінде де жолдарды жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта Елемесов көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Алтай, Севастополь, Синицин, Стальский және Грязнов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ теміржолшылар кентіне дейінгі маршруттық желіге орташа жөндеу жүргізілді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *