Өскеменде Абай күніне орай онлайн кітап көрмесі ашылды

10 тамыз – Абай күні. Осыған орай Өскеменде онлайн кітап көрмесі ашылды. Көрменің ерекшелігі оқырмандар Ұлы ақынның шығармаларын QR-кодтары арқылы оқи алады.
Ерекше көрмені Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырып отыр.
– Абай күніне орай онлайн кітап көрмесін бір апта бойы ұйымдастырамыз. Қазір QR-код көрмесін кітапханамыздың барлық сайттарына жарияладық. Енді оқырмандарымыз кітапханаға келмей-ақ, онлайн кітап оқуына болады. Абай шығармашылығын заман талабына сай насихаттауды қолға алып отырмыз. Кітапханашылардың міндеті – қаламгерлер мен оқырманның ортасына көпір болу. Сонымен қатар, жастардың ойымен трамвайларда да ақынның шығармашылын ұлықтау мақсатында өлеңдерін, қара сөздерін жазып, толықтырып жатырмыз, – дейді Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиынбаева.
Аталған көрме қаланың бірнеше жерлерінде ашылды. Атап айтсақ, Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы, “Император” сауда кешені және Өскемен қаласы әкімдігінде. 
Сонымен қоса, бүгін кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі жайлы тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп, дұрыс жауаптары жазылған парақшалар таратпақ. Бұл қала тұрғындарының сауаттылығын тексеру үшін емес, керісінше тың ақпараттарды естерінде ұзақ сақтауы үшін жасалып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *